Клиент Келісімі

Tiburon Corporation Limited (Сейшел Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген компания, тіркеу нөмірі 187026, кеңсесі Suite 1, Second Floor, Sound & Vision House, Francis Rachel Str., Victoria, Mahe, Seychelle мекенжайында орналасқан) (бұдан әрі – Компания) https://binomo.com сайтына (бұдан әрі – Сайт) кіру мүмкіндігін және Сайттың қызметтерін жеке тұлғаның (бұдан әрі – Клиент) пайдалану мүмкіндігін осы Клиенттік келісімнің (бұдан әрі – Келісім) тәртібінде және шарттарында береді.

Stagord Resources Ltd (Кипр Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген компания, тіркеу нөмірі HE 338508, Evagorou, 27, Irene Building, 4th Floor, Flat/Office 44, Trypiotis, Nicosia, 1066, Cyprus) (бұдан әрі – Басқарушы компания) Компанияның қызметін басқарады.

Клиент Сайтта тіркелу және тіркелгі құру жолымен Келісімді қабылдайды. Келісімді қабылдауы Клиенттің Келісімнің шарттарын толық әрі сөзсіз қабылдауын білдіреді.

Қызмет көрсетілетін орын – Сейшел Республикасы. Компания басқарылатын орын – Кипр Республикасы.

Терминология 

Қаржылық құралдар – биржалық индекстер, акциялар, шикізаттық тауарлар және сауда операцияларын жүргізу үшін қолданыста бар валюта жұптары.
Теңгерім – соңғы транзакция өткізілгеннен кейінгі шоттың мөлшері.
Ықтимал валюталық шоттар:доллар, еуро.
Ашық мәміле – экспирация сәтіне дейін сатып алынған активпен жасалатын мәміле.
Мәміле – активті иелену (сатып алу).
Сауда белсенділігі – Клиенттің нақты шотқа ақша аудару операцияларын жүзеге асыру және Клиенттің нақты шотына сауда операцияларын жасау.

1. Клиентті тіркеу және Клиент деректерін жинау

1.1. Сайтта тіркеле отырып, Клиент Құпиялық саясатына сәйкес өзінің жеке деректерінің өңделуіне келісім береді. Бұлайша өңдеу Келісім бойынша қызметтер көрсету мақсатында, соның ішінде платформаның ыңғайлы пайдаланылуын, Клиентпен шұғыл байланысу мүмкіндігін, Клиенттің қаражатының қорғалуын, алаяқтықтың алдын алуды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Осы келісім мерзімсіз әрекет етеді және оны support@binomo.com сайтына бұл туралы арыз жолдау жолымен қайтарып алуға болады.

Компанияның Клиент туралы жеке басқа қатысты жеке деректерді жинау үдерісі Клиент аты, тегі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы туралы беретін ақпараттан, Клиенттің Сайтпен өзара әрекеттестігі туралы статистиканы жинау үшін қажетті cookie-файлдардың деректерінен құралады. Компанияға Клиент беретін барлық жеке деректер құпия болып саналады және оларды үшінші тұлғаларға тек Клиенттің келісуі бойынша табыстауға болады.

1.2. Клиентті тіркеу процедурасы екі кезеңнен тұрады:
− Клиентті Компанияның Сайтында тіркеу процедурасы;
− жеке басын және тіркеу кезінде көрсетілген деректерін тексеру процедурасы.

1.3. Клиентті тіркеу процедурасы Компанияның Клиенті үшін міндетті болып табылады.

1.4. Клиентті тіркеу процедурасынан өту үшін Компанияның Сайтында төмендегі әрекеттерді жасау қажет болады:
− жеке және байланыс деректерін енгізу
− осы Келісімнің және оның қосымшаларының шарттарын қабылдау

1.5. Жеке басын және деректерін тексеру процедурасын Компания тіркеу кезінде Клиент көрсеткен деректердің дұрыстығы мен толықтығын растау үшін іске асырады. Аталған процедураны іске асыру үшін Компанияның төмендегілерді талап етуге құқығы бар, ал Клиент оларды беруге міндетті:
− төлқұжатының фотосуреті мен жеке деректері бар (егер болса) айқармасының (бетінің) немесе фотосуреті мен ағылшын тіліндегі жеке деректері бар басқа құжатының (мысалы, ID Card) көшірмесі.
Сонымен қатар, егер жоғарыда аталған құжаттар Клиенттің жеке басын толық көлемде анықтауға және (немесе) оның көрсеткен жеке деректерін растауға мүмкіндік бермейтін болса, Компанияның коммуналдық қызметтер бойынша нақты шоттарды, банктік карталардың сканерленген көшірмелерін, сондай-ақ кез келген басқа құжаттарды талап етуге құқығы бар.

1.6. Жеке басы мен деректерін тексеру процедурасы Компания Клиенттің жеке басын тексеру туралы талапты қойған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда осы мерзімді Компанияның қарауы бойынша 30 (отыз) күнге дейін ұзартуға жол беріледі.

1.7. Компанияның Қауіпсіздік қызметі күдікті жағдайларда, қаражатты шығарып алуға соңғы 30 күн ішіндегі депозиттердің сомасына тең шек қою құқығын өзінде қалдырады. 

1.8. Клиенттің жеке басын және ол шот ашқан кезде қалдырған басқа деректерін растау үшін Клиенттен құжаттардың электрондық көшірмелерін сұратуға Компанияның құқығы бар. Аталған жағдайларда Компания Клиенттен электрондық пішіндегі құжаттың көшірмесін сұратады, ал Клиент оны беруге міндетті (Компания ағылшын тіліндегі нотариатта куәландырылған көшірмесін талап ете алады). Егер Клиент өзінің жеке ақпаратын (соның ішінде қажетті ақпаратты растауға арналған құжаттарды) бермейтін болса, сұратылған ақпаратты Клиент бермейінше Компания осындай Клиенттің шоттарына қызмет көрсетуді тоқтатып қоя алады. Егер сұратылатын ақпарат Компанияға берілмейтін болса, тоқтата тұрған шот біржола бұғаттап тасталуы мүмкін. 

1.9. Клиенттің жеке басын растау үшін және Клиент берген құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін Компанияның Клиентпен бейнеконференция өткізуге құқығы бар. Аталған процедураны өту үшін Клиент өзіне Компанияның Skype тіркелгісін қосуға тиіс: support.binomo. Процедураны өтердің алдында Клиенттің төлқұжатын және қаражатты енгізген кезде пайдаланылған банктік карталарын дайындап қоюы қажет. Процедураны өтетін уақыт туралы Клиентке кем дегенде 24 сағат бұрын хабарланады. 

1.10. Қылмыстық жолмен алынған қаражат пен кірістің ізін жасыруға қарсы тұру жөніндегі заңнама нормаларының талаптарын орындау үшін өзі берген жеке ақпаратты пайдалануға Компанияның құқығы бар екенін Клиент мойындайды. 

1.11. Құжаттардың шынайы көшірмелерін беру үшін жауапкершілікті Клиент көтереді. Компанияға жалған құжаттарды берген жағдайда, Клиент аталған құжатты берген елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. 

1.12. Тіркелгенін растай отырып, Клиент Компаниядан ақпарат алуға, соның ішінде Клиент көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жарнамалық хабарларды және Клиент көрсеткен телефон нөміріне телефон қоңырауларын және СМС хабарларын қабылдауға келісімін береді. Егер Клиент осыларға ұқсас хабарларды алғысы келмеген жағдайда, ол хаттағы сілтеме арқылы өтіп немесе Жеке кабинетіндегі опцияны болдырмай, сондай-ақ Компанияның Қолдау қызметіне хабарласып, жазылымнан кез келген сәтте бас тарта алады. Компания хаттардың барлық түрлеріне (транзакциялық құлақтандырулардан басқа) жазылымды болдырмау, сондай-ақ телефон қоңыраулары мен СМС хабарларын қабылдаудан бас тарту туралы Клиенттің өтінішіне кідіріссіз жауап беруді міндетіне алады.

2. Өзара есеп айырысуларды өткізу тәртібі

2.1. Егер қосымша шарттармен басқаша ескерілмеген болса, Клиенттің шотының теңгерімінің шамасы Клиенттің алдындағы Компанияның нақты уақыт сәтіндегі қаржылық міндеттемелерінің мөлшері болып табылады. Клиенттің Компания ұйымдастыратын түрлі науқандарға қатысуы қосымша шарт болып табылуы мүмкін.

2.2. Валюта қаражатын шоттан алу туралы өтінімді Клиент Сайттың ішкі интерфейсінде көзделген электрондық пішінде ресімдеуге тиіс. Клиенттің өтінімі құрастырылғаннан кейін шоттан алынатын соманың мөлшері төлем тікелей өткізілген сәтке дейін оның шотының теңгерімінен шегерілмейді. Клиент рәсімдеген өтінімдер бойынша төлемдер қайтарылуға және шағым беруге жатпайды. Шоттан алынатын ең кіші сома – $10/€10, шот валютасының қандай болуына қарай. 

2.3. Клиентке қаражатты аудару қаражатты шығарып алу туралы өтінім берілген күннен кейін келетін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Аптасына 500 доллардан/500 еуродан немесе айына 230 000 доллардан/230 000 еуродан (трейдердің тіркелгісінің күйіне қарай) асатын соманы шығарып алу туралы өтінім түскен жағдайда, Клиентке қаражатты аудару бөліп-бөліп, бірақ әрбір 5 (бес) жұмыс күнінен сирек емес уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
Алдын ала хабар алғаннан кейін Клиенттің қаражатты шығарып алу туралы өтінімін Компанияның қауіпсіздік қызметі 10 (он) жұмыс күні бойы орындамастан ұстап тұра алады. 

2.4. Сайтта шотты толтыру үшін Клиент Сайттың ішкі интерфейсін пайдаланады. Ең кіші толтыру сомасы – $10/€10, шот валютасының қандай болуына қарай.

2.4.1 Клиенттің сайттағы «Бір шерткеннен төлеу» қызметін пайдалану мүмкіндігі бар. Осы қызметті пайдаланған кезде «Әмиянды сақтау» функциясының пайдаланылуына келісетініңізді көрсетіп, қызмет белсенді етілген кезде шотты толтыру қажет. Мұндай жағдайда сайтта өзі тапсырыс берген барлық қызметтердің ақысын, сондай-ақ барлық қосымша шығыстарды (қажет болған жағдайда), соның ішінде салықтарды, баждарды және т.с.с. төлеуге келіседі. 

2.4.2 Компания және Төлем қызметтерінің провайдері тек төлемнің Клиент көрсеткен мөлшерде өтуін қамтамасыз етеді және Клиенттің жоғарыда аталған қосымша сомаларды төлеуі үшін жауапкершілік көтермейді.

2.4.3 «Бір шерткеннен төлеу» түймесі басылып, төлем расталғаннан кейін төлем өңделді және қайтарымсыз іске асырылды деп саналады.

2.4.4 «Бір шерткеннен төлеу» түймесін басып, төлемді растағаннан кейін Клиент төмендегілерге келіседі:
– қаражатты енгізу туралы өтінімді сайтта орналастыра отырып Клиент төлемді растайды және осы Клиенттік келісімнің ережелерін қабылдайды;
– осы қызметті пайдалануға байланысты барлық тәуекелдерді түсінеді және оларды қабылдайды;
– төлемді кері қайтара немесе оның кері қайтарылуын талап ете алмайды;
– Клиент кәмелеттік жасқа толған немесе одан асқан;
– Клиенттің төлемін өңдеуді төлем қызметтерінің провайдері жүзеге асыратынын түсінеді және қабылдайды.

2.4.5 Егер Клиент келесі төлемақы үшін «Бір шерткеннен төлеу» қызметін пайдаланудан бас тартқысы келсе, Клиенттің «Әмиянды сақтау» функциясын пайдаланудан бас тартып (сайттағы өзінің жеке кабинетіндегі «Касса» бөлімінен «Әмиянды сақтау» «құсбелгісін» алып тастау), келесі төлемді «Бір шерткеннен төлеу» қызметін пайдаланбастан іске асыруы қажет.

2.4.6 Компания және төлем қызметтерінің провайдері эмитенттің банкінен Клиенттің төлем картасын пайдалану арқылы төлемді жүргізуге рұқсат алынбауына байланысты бас тарту үшін жауапкершілік көтермейді.

2.4.7 Клиенттің жоғарыда баяндалған шарттарға келіспеуіне және (немесе) басқа себептерге байланысты жайт орын алған жағдайда, Компания Клиенттен төлем жасаудан дер кезінде бас тартуды және қажет болған жағдайда осы Клиенттік келісімнің 10-бөлімінде көрсетілген байланыс деректерін пайдалана отырып, Компанияның клиенттерді қолдау бөліміне хабарласуды өтінеді.

2.5. Шотты төлем жүйелері арасындағы айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін пайдалану туралы Клиенттің айқын ниеті болған жағдайда, Компания шоттан валюталық қаражатты алу туралы өтінімді қабылдамауы мүмкін.

2.6. Үшінші тұлғалардың банктік карталарын пайдалану арқылы шотты толтыруға тыйым салынады.

2.7. Қаражатты енгізудің/шығарып алудың ресми тәсілдері Компанияның Сайтында көрсетілген барлық төлем жүйелеріндегі әмияндар/Компанияның шоттары болып табылады. Төлем жүйелерін пайдалануға байланысты барлық тәуекелдерді, сондай-ақ төлем жүйелерінің төлемді және (немесе) айырбасты жүргізгені үшін комиссияларын Клиент өзіне қабылдайды, себебі төлем жүйелері Компанияның серіктестері емес. Төлем жүйесінің кінәсінен Клиенттің шотының теңгеріміне қаражаттың түсуінің кешіктірілгені және (немесе) түспегені үшін Компания жауапкершілік көтермейді. Клиенттің тарапынан төлем жүйелерінің жұмысының дұрыстығына кінәрат-талаптар пайда болған жағдайда, Клиент сондай төлем жүйесінің қауіпсіздік қызметіне хабарласуы керек. Клиент осы сияқты арыздар берілген жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.

2.8. Клиенттер қаражатты енгізу/шығарып алу бойынша операцияларды жүргізген кезде делдалдық қызметті жүзеге асыратын үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін Компания жауапкершілік көтермейді. Клиент қаражат енгізу бойынша операцияларды жүргізген кезде, Компанияның қаржылық жауапкершілігі Клиенттің қаражаты Компанияның банктік шотына және (немесе) Компанияның Сайтында көрсетілген төлем жүйелеріндегі Компанияның шотына түскен сәттен бастап басталады.

2.9. Клиенттің шотының теңгерім есебіне қаражат салынғаннан кейін Вқаржылық транзакцияларды жүзеге асыру кезінде алаяқтық нышандары анықталған жағдайда, Компания аталған транзакцияны болдырмай, Клиенттің шотына тыйым салу құқығын өзінде қалдырады. Клиенттер қаражатты шығарып алу бойынша операцияларды жүргізген кезде, Компанияның қаржылық жауапкершілігі Компанияның банктік шотынан және (немесе) Компанияның Сайтында көрсетілген төлем жүйелеріндегі Компанияның шотынан қаражат шығарылған сәтте тоқтатылады.

2.10. Қаржылық транзакциялар жасаған кезде Компанияның тарапынан техникалық қателіктер орын алған жағдайда, Компания осындай транзакцияларды және олардың нәтижелерін, сондай-ақ Компания көрсететін қызметтердің нәтижелерін болдырмай тастау құқығын өзінде қалдырады.

2.11. Клиенттің шотынан қаражатты шығарып алу тек Клиент қаражатты енгізген кезде көрсеткен деректер бойынша ғана жүзеге асырылады. Егер қаражатты енгізген кезде пайдаланылған төлем жүйесін қаражатты шығарып алу үшін пайдалануға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Клиенттің қаражатты шығарып алу үшін қолданыста бар басқа төлем жүйесін пайдалануға құқығы бар. Мұндай жағдайда төлем жүйесінің деректемелері Клиент тіркелген кезде көрсеткен жеке деректермен сәйкес келуге тиіс.

2.12. Клиент қаражатты шығарып алу туралы өтінімде көрсетілген деректердің дәлдігі мен шындығы үшін толық жауапкершілік көтереді.

2.13. Егер Компанияның қауіпсіздік қызметі Клиентті алаяқтық әрекет жасады немесе алдады деп күдіктенген жағдайда, клиенттің шотын алдын ала ескертпестен және қаражатты одан кейін шығарып алуға мүмкіндік берместен бұғаттап тастауға Компанияның құқығы бар.

2.14. Егер Клиент шотқа қаражат енгізсе, ал содан кейін оны толық немесе ішінара алып алуды шешсе, және бұл орайда сауда айналымы (соңғы депозит енгізілген сәттен бастап барлық мәмілелердің сомасы) депозиттің қосарлы мөлшерінен аспаған болса, қаражатты шығарып алу комиссиясы 10%-ды құрайды.

2.15. Клиенттің компанияда тек 1 (бір) шот ашуға құқығы бар. Компания бір Клиентке немесе бір жанұяға (оның мүшелері бір IP мекенжайынан рұқсат алу, платформаға бір құрылғыдан кіру мүмкіндігіне ие бола алатын) тиесілі, я болмаса бір несие/дебет картасынан және (немесе) электрондық әмияннан толтырылған, я болмаса бір IP мекенжайынан кіруге рұқсат алған бірнеше шотты анықтаған немесе көптеген шотты иеленудің басқа нышандары анықталған жағдайда, Клиенттің барлық шоттарындағы мәмілелердің және олардың қаржылық нәтижелерінің күші жойылуы мүмкін. Компания жоғарыда аталған барлық шоттарды бұғаттау құқығын өзінде қалдырады. Мұндай жағдайда, олардағы барлық қаражат Клиенттің алдындағы Компанияның қаржылық міндеттемесі деп санала алмайды.

2.16. Клиенттің шотында 3 (үш) ай бойы ешқандай қимыл болмаған жағдайда, Клиенттің шотын белсенді емес деп танып, Клиентке электрондық поштаның байланыс мекенжайына хат жолдау арқылы хабарлап, шоттағы ақша қаражатын толық көлемде сақтай отырып, оны мұрағатқа ауыстыруға Компанияның құқығы бар.

Клиенттің шотында 6 (алты) ай бойы ешқандай сауда қимылы болмаған жағдайда, Клиенттің шотынан ақшалай қаражатты толық көлемде есептен шығаруға Компанияның құқығы бар.

3. Сауда өтінімдері мен өкімдерді өңдеу

3.1. Клиенттердің өтінімдері мен өкімдерін өңдеудің төмендегідей құрылымы бар:
− Клиент өтінімді немесе өкімді құрастырады, олар дұрыстығы жағынан сауда платформасында тексерістен өткізіледі;
− Сауда платформасы өтінімді немесе өкімді серверге жібереді;
− Клиенттің өкімі серверге түседі де, дұрыстығы жағынан тексерістен өткізіледі;
− Клиенттің өтінімін немесе өкімін өңдегеннен кейін сервер нәтижесін сауда платформасына жібереді;
− Сауда платформасы мен сервердің арасында тұрақты қосылым болған жағдайда, сауда платформасы клиенттің өтінімін немесе өкімін Компанияның өңдеуінің нәтижесін алады.

 3.2. Өтінімді немесе өкімді өңдеу уақыты сауда платформасының және Компанияның серверінің арасындағы байланыс сапасына, сондай-ақ нарықтың күйіне тәуелді. Қалыпты нарық жағдайларында Клиенттің өтінімін немесе өкімін өңдеу уақыты әдетте 0 – 4 секундты құрайды. Қалыптан тыс нарық жағдайларында клиенттердің өтінімдерін немесе өкімдерін өңдеу уақыты ұзартылуы мүмкін.

3.3. Компанияның серверінің төмендегі жағдайларда Клиенттің өтінімін қабылдамауға құқығы бар:
− егер Клиент өтінімді нарық ашылған кезде сауда платформасына бірінші баға белгіленімі түскенге дейін жіберетін болса;
− егер аталған Клиентте жаңа мәмілені ашу үшін бос ресурстар жеткіліксіз болса;
− қалыптан тыс нарық жағдайларында.

4. Баға белгіленімдері

4.1. Клиент баға белгіленімдерінің ағыны туралы бірден бір шынайы ақпарат көзі нақты Клиенттерге қызмет көрсететін негізгі сервер болып табылатынын мойындайды. Сауда платформасындағы баға белгіленімдері баға белгіленімдерінің ағыны туралы шынайы ақпарат көзі бола алмайды, себебі сауда платформасы мен сервердің арасындағы қосылым тұрақсыз болған жағдайда, ағындағы баға белгіленімдерінің бір бөлігі сауда платформасына дейін жете алмауы мүмкін.

4.2. Сауда платформасында көрсетілетін кестелер индикативтік сипатқа ие. Осылайша, Компания мәміленің Клиент қандай да бір сауда өкімін берген сәтінде сауда платформасындағы кестеде көрсетілген бағалар бойынша жасалатынына кепілдік бермейді.

4.3. Сауда платформасындағы баға формула (сатып алу+сату)/2 бойынша қалыптасады.

4.4. Нарықтық емес баға белгіленімдері

4.4.1. Нарықтық емес баға белгіленімі – берілген уақыт сәтінде нарықтағы бағаға сәйкес келмейтін, сауда платформасындағы баға.

4.4.2. Егер Компания Клиенттің өтінімін нарықтық емес баға белгіленімі бойынша орындаса, Компанияның міндетіне мыналар кіреді: мәміленің қате жабылуының және мәміленің нарықтық емес баға белгіленімі бойынша жабылған сәтіне сәйкес келетін нақты нарықтық баға бойынша жабылуының арасындағы қаржылық нәтижені түзету.

4.4.3. Егер Клиенттің мәмілені ашу бойынша мәмілесі нарықтық емес баға белгіленімі бойынша орындалған жағдайда, осындай мәміле бойынша қаржылық нәтижені болдырмау құқығы Компанияда қалады.

5. Мәмілелерді ашу туралы клиенттің өкімдерін өңдеу.

5.1. Егер бос қаражаттың мөлшері мәмілені ашу үшін жеткілікті болса – мәміле ашылады. 

5.2. Егер бос қаражаттың мөлшері мәмілені ашу үшін жеткіліксіз болса – мәміле ашылмайды. 

5.3. Сервердің лог-файлында тиісті жазба пайда болғаннан кейін Клиенттің мәмілені ашу туралы өтінімі орындалды, ал мәміле ашылды деп саналады. Әрбір жаңа мәмілеге реттік нөмір беріледі.

6. Мәмілелерді жабу

6.1. Мәмілені жабу ол жабылған сәтте сауда серверінде болған ағымдағы баға бойынша іске асады. 

6.2. Қызмет көрсетушілердің интернет байланысын қамтамасыз етуіндегі ақаулықтар, ақпарат ағындарын берудегі ақаулар, қандай да бір биржаның жұмысындағы ақаулар, Компанияның серверлерінің операциялық жүйесінің, бағдарламалық жасақтамасының жұмысындағы ақаулар, хакерлік шабуылдар, сондай-ақ Компанияның жабдығына және (немесе) серверлеріне қатысты кез келген құқыққа қайшы әрекеттер, форс-мажор сипатындағы мән-жайлар немесе қаржы нарықтарының сауда-саттықты тоқтата тұрып, оның Компания пайдаланатын активтерге әсер етуі жоғарыда келтірілген жайттар әрекет еткен кезде немесе оларды қасақана немесе қасақана емес қолдану арқылы орын алған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін тура негіздемелер болып табылады. Компания нәтижесі орын алған ақаудың салдарынан алынған барлық мәмілелерді болдырмау құқығын өзінде қалдырады. 

6.3. Бағдарламалық жасақтаманы жаңартқан кезде, БЖ ақауы болған немесе дұрыс жұмыс істемеген жағдайда Клиенттің шотының күйін бастапқы мәніне қайтару құқығын Компания өзінде қалдырады.

6.4. Егер Клиент сауда жасаған кезде пайда жасанды зердені, мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы, «бот» деп аталатындарды, Компанияның платформасының немесе серверлерінің осалдығын пайдалану арқылы алынған болса, онда Компания Клиенттің операциялары бойынша нәтижені қайта қарау құқығын өзінде қалдырады.

6.5. Бағдарламада ақау пайда болған кездегі сауда операцияларының нәтижелерін қайта қарау (өзгерту) бойынша Компанияның құқығы сондай ақау анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні бойында сақталады.

6.6. Қылмыстық жолмен алынған кірістің ізін жасыруға қарсы күрес (anti-money laundering – AML) бойынша процедураның шеңберінде Клиент өзінің сауда шотына енгізген ақша қаражатының заңсыз есірткі айналымының, адамдарды ұрлаудың, қандай да болмасын қылмыстық немесе заңсыз әрекеттердің нәтижесі емес екенін куәландырады. Клиент Сайтты қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру мақсатында немесе қандай да бір басқа құқыққа қайшы қызмет үшін пайдаланбауды міндетіне алады. Егер Клиент қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға қарсы күрестің (AML) талаптары мен қағидаттарын ұстанбаса немесе оларға сай келмесе, Компания Клиенттің шотты пайдалануына жол бермеу және (немесе) шотты тоқтата тұру және (немесе) оның күшін жою және (немесе) оны жабу және (немесе) Клиенттің шотындағы барлық ақша қаражатын алып алу немесе тәркілеу құқығын өзінде қалдырады. Егер Компания Клиенттің шоты арқылы қандай да болмасын құқықсыз немесе заңсыз қызметтің жүргізілетіні туралы күдіктенсе, Компания Клиентке қатысты бүкіл ақпаратты уәкілетті органдарға жария ету құқығын, сондай-ақ жоғарыда аталған себептерге байланысты Клиенттің шотын тоқтата тұру және (немесе) жабу және (немесе) Клиенттің шотындағы барлық ақша қаражатын алып алу құқығын өзінде қалдырады.

6.7. Компанияның активтер бойынша төлемақы пайыздарының, қайтару пайыздарының мөлшерін, мәміленің ең кіші және ең үлкен құнының мөлшерін, қайтару пайызын реттеу мүмкіндігін, бір, бірнеше немесе барлық активтер бойынша экспирацияның ықтимал кезеңдерін өзгертуге құқығы бар.

6.8. Компанияның бір минут, сағат немесе күнтізбелік күн ішінде Клиент жасайтын мәмілелердің ең үлкен санын өз қарауы бойынша шектеуге құқығы бар.

7. Бонустық және сыйлық қаражаттарды пайдалану, турнирлерге және Компанияның басқа да акцияларына қатысу.

7.1 Бонустық қаражатты Компания Клиенттің сауда шотына есептеп жазады.

7.2 Бонустың шамасы Клиенттің депозитінің мөлшеріне немесе қандай науқанның шеңберінде Клиентке бонустық қаражат есептеп жазылатын болса, сол науқанның шарттарына байланысты болады. 

7.3 Егер науқанның шарттарында басқаша ескерілмеген болса, Клиент бір науқанның шеңберінде жүлделік бонустық қаражатты тек бір рет қана ала алады.

7.4 Клиенттің сауда шотына есептелген бонустық қаражат Клиенттің алдындағы Компанияның қаржылық міндеттемесі болып табылмайды.

7.5 Клиенттің сауда шотындағы қаражатты тек Клиент өзінің шотында міндетті сауда айналымын іске асырғаннан кейін ғана алып алуға болады.

7.6 Міндетті сауда айналымының мөлшері бонустың иығына көбейтілген оның сомасына тең. Бонустың иығы әр науқан үшін бөлек белгіленеді. Егер бонустың иығының мөлшері науқанның шарттарында белгіленбеген болса, оны 35-ке тең деп санау керек (мөлшері Клиенттің сауда депозитінің жалпы көлемінің 50% және одан көп пайызын құрайтын бонустар үшін иық 40-қа тең).

7.7 Бонустық ұсыныстардың шығарып алу сомасына шектеулері болуы мүмкін. Электрондық поштаға жіберілетін депозитсіз сыйлық бонустардан ең үлкен шығарып алу сомасы $50/€50 құрайды.

7.8 Бонустық ұсыныстар әрекет ету мерзімі бойынша шектелген болуы мүмкін. Депозитсіз сыйлық бонустар белсенді етілген сәттен бастап 5 күн ішінде оларды игеріп бітіру қажет. Егер бонус белсенді етілген сәттен бастап 5 күн ішінде қажетті айналым жасалмаса немесе депозит іске асырылмаса, бонус нөлге қойылады.

7.9 «Кіріссіз» деген нәтижесі бар мәмілелер (егер активтің страйк-бағасы экспирациялау бағасына тең болса) Клиент іске асырған міндетті сауда айналымын есептеп шығару кезінде есепке алынбайды.

7.10 Тек бонустық қаражат есептеп жазылған сәттен бастап шотта қандай да бір сауда операциялары болмаған жағдайда ғана бонустан бас тартуға немесе оның күшін қайтаруға болады.

7.11 Науқанның әрекет мерзімі біткеннен кейін оның шеңберінде есептеп жазылған бонусты Клиенттің сауда шотынан шығарып алуға болады.

7.12 Егер Клиенттің сауда шотының теңгерімі мәміленің рұқсат етілетін ең кіші мөлшерінен төмендесе, бонус нөлге қойылады. 

7.13. Клиент өзіне қолжетімді Компанияның барлық акциялары мен турнирлеріне қатысуға құқылы. Клиент Компанияның сайтында акцияның немесе турнирдің шарттарын өз бетімен білуге тиіс.

7.14. Турнирге қатысқаны үшін сыйлық ретінде Клиенттің Компаниядан алған ақшалай қаражаты, егер турнирдің шарттарында өзгесі көрсетілмесе, оның нақты шотына аударылады.

7.15. Компанияның қауіпсіздік қызметі Клиенттің турнирге немесе акцияға қатысу кезінде турнирді немесе акцияны жеңу мақсатында алаяқтық әрекеттеріне күмәнданған жағдайда, Компания Клиенттің турнирдегі немесе акциядағы нәтижелерін қайта қарауға немесе жоюға құқылы.

8. Клиент пен Компанияның жауапкершілігі

8.1. Осы Келісімнің шарттарын қабылдай отырып, Клиент өзінің шотының теңгерім күйі үшін жеке жауапкершілік көтеретінін растайды. Компания өзінің сервистерін Клиенттің пайдалануы барысында оның әрекетсіздігі немесе әрекеттері үшін жауапкершілік көтермейді.

8.2. Осы Келісімнің ережелерін өзінің қарауы бойынша кез келген уақытта өзгертуге Компанияның құқығы бар. Компания Келісімге өзгертулер енгізген жағдайда, егер Келісімнің өзгертілген мәтінін https://binomo.com/kz/agreement сайтында орналастыру кезінде өзгертулердің күшіне кіруінің басқа мерзімі қосымша айқындалмаған болса, осындай өзгертулер сондай орналастыру сәтінен бастап күшіне кіреді. Клиентті осы Келісімге өзгертулер енгізу туралы Компанияның хабардар етуі Келісімнің жаңа оқылымын https://binomo.com/kz/agreement сайтында орналастыру жолымен жүзеге асырылады.

8.3. Клиент пен Компанияның осы Келісіммен белгіленген міндеттері мен құқықтары ұзақ мерзімді әрекеті бар акт болып саналады және Компания Клиенттің шотын жабатыны немесе осы Келісімнің шарттарын орындаудан бас тартатыны туралы одан құлақтандыру алған сәтке дейін әрекет етеді.

8.4. Клиент өзі Компанияның Сайтында Компанияның өкілдерінен немесе үшінші тұлғалардан алған кез келген ақпарат пен ұсыныстардың сауда операциясын немесе қаржылық транзакцияны жасау туралы тура ұсыныс болып табылмайтынын толық ұғынады.

8.5. Егер Компанияның өз міндеттемелерін орындамауы Интернет байланысының арналары арқылы дерек беру сапасына байланысты болса, Компания ол үшін құқықтық және (немесе) қаржылық жауапкершілік көтермейді.

8.6. Клиент өзі және (немесе) өзінің қатысуымен үшінші тұлғалар іске асыратын және Компанияның, оның жабдығының, қызметтерінің, бағдарламалық және аппараттық жасақтамасының жұмысын орнықсыз ететін әрекеттер Клиенттің ағымдағы шотының барлық мәмілелерінің күшін жоя отырып, оған қызмет көрсетуден Компанияның тікелей бас тартуына әкелетінін Клиент толық түсінеді. Сондай-ақ болашақта Компания Клиентті екінші қайтара тіркеуден және оның жаңа шотына қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.

8.7. Келісімді қабылдай отырып, Клиент төмендегілерге кепілдік береді:
− әрекетке қабілетті болып табылады және кәмелет жасына толған;
− осы Келісімнің шарттарымен танысты және оларды қабылдайды.

8.8. Клиент қаражатты шығарып алатын кезде одан шоттың жеке деректерін сұратуға Компанияның құқығы бар. Бұл орайда Компанияның Клиенттен оның жеке басын, тұрғылықты жерін және тіркелген жерін куәландыратын құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін талап етуге құқығы бар.

8.9. Клиент өз тарапынан осындай растау үшін қажетті барлық құжаттарды беруді және қылмыстық жолмен алынған кірістің ізін жасыруға қарсы тұру жөніндегі халықаралық заңнаманы орындауға бағытталған басқа да қажетті әрекеттерді (Компанияның қарауы бойынша) қабылдауды міндетіне алады.

8.10. Клиент түрлі электрондық пошта мекенжайларын пайдалана отырып қосарлы/екінші қайтара тіркелген жағдайда барлық қосымша тіркелулердің күшін жоюға Компанияның құқығы бар.

9. Клиенттің тәуекелдері

9.1. Клиент өзі Сайттың сервистерін пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырған кездегі қаржылық тәуекелдердің айтарлықтай болуы мүмкін екенін толық түсінеді. Сайттың сервистерін пайдалана отырып операцияларды іске асырудың алдында Клиенттің өз қаржылық мүмкіндіктеріне талдау жасағаны дұрыс.

9.2. Клиент Сайттың сервистерін пайдаланып операцияларды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік шектеулердің салдарларына, нарықтық және (немесе) валюталық ережелерге, биржалық сауда-саттықтың тоқтатыла тұруына және Компанияның бақылауынан тыс басқа да форс-мажор мән-жайларына байланысты өзі залал шеккен жағдайларда Компанияның құқықтық және қаржылық жауапкершілік көтермейтінін түсінеді және оған келіседі.

9.3. Клиент өзінің шотына кіруге арналған деректерді (логинді, құпиясөзді) жоғалтқан кезде жеке жауапкершілік көтереді. Клиент өзінің шотына үшінші тұлғалардың кез келген түрде кіру мүмкіндігіне жол бермеуге міндетті. Клиенттің шотына кіру мүмкіндігін қалпына келтіру үдерісімен байланысты оның тәуекелдері мен ысырабы тек Клиент аталған шоттың меншік иесі ретінде жеткілікті сәйкестендіру үдерісінен өткеннен кейін оның шотқа кіруі үшін жаңа деректерді беруді қоспағанда, Компанияның қосымша міндеттемелерінің пайда болуына әкелмейді.

10. Осы Келісімнің тараптарының арасында байланысты қамтамасыз ету мәселелері

10.1. Клиентпен байланысты қамтамасыз ету үшін Компания төмендегі құралдарды пайдаланады:
– Телефон 8 800 555-71-85;
– Пошта жәшігі support@binomo.com;
– Сайттың ішкі интерфейсіндегі тикеттер жүйесі.

11. Арыздарды, даулар мен кінәрат-талаптарды қарастыру

11.1. Барлық ықтимал келіспеушіліктерді Келісімнің тараптары хат-хабар жазысу мен келіссөздер арқылы реттеуге тырысады.

11.2. Егер Клиенттің тарапынан берілген арыздар Компанияның атына support@binomo.com электрондық пошта мекенжайына жолданған болса, олар ресми арыздар болып саналады. Егер арыздар онлайн-байланысының бағдарламаларын (Skype сияқты) және басқа да соған ұқсас БЖ көмегімен іске асырылған және жолданған болса, олар ресми арыздар болып саналмайды.

11.3. Клиенттің арызы қарастыруға қабылдануы үшін онда төмендегі ақпарат болуға тиіс:
− Шот нөмірі;
− Аты-жөні;
− е-mail (электрондық мекенжай);
− Даулы жағдайдың пайда болған/анықталған уақыты мен күні;
− Клиенттің кінәрат-талапты егжей-тегжейлі суреттеуі.

11.4. Егер Клиенттің арызы 11.2 және 11.3-тармақтарда келтірілген талаптарға сәйкес келмесе, сондай-ақ:
− егер Компания алған кінәрат-талапта балағат сөздер және (немесе) Компанияның (соның ішінде оның қызметкерлерінің) атына бағытталған тіл тигізу болса;
− егер алынған кінәрат-талапта Компанияның (соның ішінде оның қызметкерлерінің) атына қоқан-лоққы болса;
− егер Клиент арызында кез келген ықтимал жолдар немесе тәсілдер арқылы Компанияның іскерлік бет-бейнесін «қаралаймын» деп сес көрсетсе, Компания Клиенттің арызын қарастырудан бас тарта алады.

11.5. Компания арызды 10 (он) жұмыс күні ішінде (Клиент аталған арызға/кінәрат-талапқа қатысы бар және мәселені шешу үшін қажет болуы мүмкін деректерді қарастыру үшін жеткілікті әрі қажетті деректерді бергеннен кейін) қарастыруға тиіс.

11.6. Клиенттің сауда операцияларына және (немесе) оның шотына қатысты ықтимал келіспеушіліктер пайда болған жағдайда, Клиенттің сауда операцияларының хаттамаларын қарастыру Компанияның өз деректерінің негізінде жүзеге асырылады.

11.7. Егер Клиент Келісімнің қандай да бір тармағын бұзса, Компанияның Клиентке одан әрі қызметтер көрсетуден бас тартуға негіздемелері бар.

11.8. Егер Клиент пен Компания дау пайда болған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде хат-хабар алмасу мен келіссөз жүргізу кезінде келісімге келмесе, оны қарастыру Сейшел Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде жүзеге асырылады.

12. Салықтар

12.1. Компания салық агенті болып табылмайды және өзінің Клиенттерінің операциялары туралы деректерді үшінші тұлғаларға бермейді. Мұндай ақпарат тек құзыретті мемлекеттік органдардан ресми сұрату болған кезде ғана берілуі мүмкін.

13. Осы Келісімді үзу

13.1. Аталған Келісім Клиентті binomo.com сайтында тіркеу сәтінде заңды күшіне кіреді.

13.2. Осы Келісімнің әрекеті төмендегі барлық шарттар орындалған жағдайда тоқтатылады:
− тараптардың біреуі немесе екеуі де Келісімнің әрекетін тоқтату туралы тілек білдірген жағдайда;
− Компания Клиенттің алдындағы қаржылық міндеттемелерін толық орындағаннан кейін;
Клиент осы Келісімнің шарттарын бұзған жағдайда, Клиентті алдын ала құлақтандырмастан, бір жақты тәртіпте Келісімді үзуге Компанияның құқығы бар.

13.3. Клиентпен Келісімді себептерін түсіндірместен, бір жақты тәртіпте үзуге Компанияның құқығы бар. Бұл орайда Компания Келісім үзілетін сәтте Клиенттің алдында болған өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауды міндетіне алады.

13.4. Компания осы Келісіммен реттелетін өзінің қызметін тоқтатуды шешкен жағдайда:
− Компания қызметін тоқтатқанға дейін 1 (бір) күнтізбелік ай бұрын осындай шешім туралы Клиентке ескертуге міндетті;
− Компания Клиенттің шотында Компанияның қызметі тоқтатылған сәтте болған ақша қаражатын оған толық көлемде төлеуге міндетті.

13.5. Компания клиенттердің алдындағы қаржылық міндеттемелерін соның ішінде Клиенттік келісім үзілген жағдайда да орындайды.