Құпиялылық саясаты

Сайттың барлық пайдаланушылары мен келушілерінің сақталатын қаржылық және жеке ақпаратының құпиялығы мен қауіпсіздігін қорғау біздің компанияның басымдығы болып табылады. Төменде баяндалған ережелерде (бұдан әрі – «Ережелер») Tiburon Corporation Limited компаниясының (бұдан әрі – «Компания») клиенттердің жеке деректерін қалай жинайтыны, өңдейтіні, пайдаланатыны, сақтайтыны және қорғайтыны сипатталады. Компанияның binomo.com сайтында (бұдан әрі – «Веб-сайт») тіркелгіні тіркей отырып немесе өзіңіздің жеке деректеріңізді кері айланыс пішінінде Веб-сайтта қалдыра отырып, сіз (бұдан әрі – «клиент») өзіңіздің жеке деректеріңіздің осы Құпиялық саясатына сәйкес өңдеуіне келісім бересіз, сондай-ақ Компаниядан ақпараттық және жарнамалық хабарларды алуға келісіміңізді бересіз.

Жиналатын жеке деректер тізбесі

Веб-сайтта кері байланыс пішінін пайдаланған кезде, клиент нақты немесе демо-шотты ашқан кезде, Компания Веб-сайтты пайдалана отырып, клиенттің қаражаты мен активтерін аударуды және қорғау мен сақтауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Компанияның клиентке түрлі қызметтер көрсетуі үшін қажетті бүкіл ақпаратты жинайды. Компания жинайтын жеке деректерге төмендегілер кіреді:

  1. Клиентпен шұғыл байланыс орнату үшін және оны хабардар ету үшін қажетті деректер (аты-жөні, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі).
  2. Алаяқтықтың алдын алу және ақшаның ізін жасыруға қарсы тұру бойынша ережелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында клиенттің жеке басын растау үшін қажетті деректер (төлқұжат деректері, сәйкестендіру карталарының деректері). Компанияның жоғарыда аталған құжаттарды ағылшын тілінде және (немесе) нотариатта куәландырылған пішінде сұратуға құқығы бар. Егер шотты толтыру клиенттің банктік картасынан іске асырылған болса, онда банктік картаның беткі жағындағы деректерді беру қажет, атап айтқанда: картаның нөмірінің алғашқы 6 және соңғы 4 цифрлары, карта иесінің Аты мен Тегі, картаның жарамдылық мерзімі. Бұл орайда клиент өзі туралы дұрыс, дәл әрі өзекті ақпаратты беру үшін өзіне дербес жауапкершілік артады, сондай-ақ басқа адамдардың немесе заңды тұлғалардың деректерін пайдаланбауды міндетіне алады. Егер клиенттің жеке басын растайтын деректерді өзгерістер орын алса, ол бұл туралы Компанияға кідіріссіз хабарлауға тиіс.
  3. Клиенттің қаражатын қорғау мақсатында клиенттің шотындағы белсенділік пен әрекеттер туралы деректер
  4. Платформаның ыңғайлы пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жанама түрде жиналған деректер, оларға IP (клиенттің Интернет-протоколының мекенжайы), шолғыштың түрі, ISP (Интернет қызметтерін жеткізуші), жүргізілген операциялар тарихы және уақыт белгілері жатады.

Компания сондай-ақ платформаның жұмысын талдау, клиентке барынша қолайлы өнімдерді беріп, қызметтерді көрсету және алаяқтардың Веб-сайтқа қатынау мүмкіндігін бұғаттау үшін веб-сервердің есепхаттарында жазылған ақпаратты (мысалы, интерфейс тілі, шолғыштың түрі, соңғы барған күні мен уақыты) жинауы мүмкін.

Жеке деректер қандай әрекеттер үшін пайдаланылады

Компания клиенттік келісімге сәйкес қызметтер көрсету мақсатында клиенттердің жеке деректерін пайдаланады, соның ішінде төмендегілер үшін:

  1. сауда немесе саудалық емес операцияларды өңдеу үшін;
  2. клиентпен шұғыл байланысты қолдау;
  3. алаяқтықтың алдын алу;
  4. клиенттің қаражатын қорғау;
  5. ақшаның ізін жасыруға қарсы тұру бойынша ережелердің орындалуын қамтамасыз ету;
  6. Компанияның клиентті қызықтыруы мүмкін көрсетілетін қызметтері мен өнімдері туралы электрондық пошта, Viber немесе басқа байланыс арналары арқылы клиентті хабардар ету;
  7. клиенттің шоты бойынша дерекқорды сақтау;
  8. клиентке барынша жарайтын өнімдерді беріп, қызметтерді көрсету және платформаның ыңғайлы пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін статистикалық деректерге талдау жасау.

Сookie-файлдар

Компания клиенттің Веб-сайтты пайдалануының нәтижесінде қол жеткізуге болатын, клиенттің жеке басын сәйкестендіретін ақпаратқа қатысы жоқ деректерді жинайды.

Компания Веб-сайттың жекелеген функцияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін Сookie-файлдарды пайдаланады. Сооkie-файл клиент Веб-сайтқа кірген сәтте жасалып, компьютерде сақталатын мәтіндік файл болып табылады. Бұл клиентке болашақта Веб-сайтқа ақпаратты қайтадан енгізбестен баруға мүмкіндік береді және клиент Веб-сайтқа қайта оралған кезде Компанияның оны тануына жағдай жасайды.

Компания пайдаланатын Сооkie-файлдарда сенситивті ақпарат пен жеке деректер болмайды. Бұл орайда, егер клиент сооkie-файлдарды жоюды немесе өшіріп тастауды шешсе, ол Веб-сайттың белгілі бір құрамдастарына немесе функцияларына қатынау мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Деректерді үшінші тұлғаларға табыстау

Клиент жеке деректерінің төмендегі адамдарға табыс етілуіне өзінің келісімін береді:

  • осындай ақпарат қызметтер көрсету үшін қажет болатын жағдайларда, Компанияның кез келген қызметкерлеріне;
  • сайттың жұмысын жүргізуге (Компанияның атынан немесе Компания үшін) байланысты қызметтер көрсететін үшінші тарапқа;
  • Компанияның аудитін жүргізу кезінде аудиторларға және олардың көмекшілеріне;
  • Компанияның әлеуетті сатып алушылары мен инвесторларына.

Компания белгіленген ережелерге сәйкес үшінші тұлғалар қатынау мүмкіндігін алатын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуді міндетіне алады. Компания өзінің клиенттерінің ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ете алмайтын үшінші тұлғаларға ол ақпаратты таратпайды.

Веб-сайтта тіркелгісін тіркей отырып немесе өзінің жеке деректерін Веб-сайтта кері байланыс түрінде қалдыра отырып, Клиент жеке деректерінің шекара арқылы табысталуына өзінің келісімін береді.

Жеке деректерді техникалық жағынан қорғау

Клиенттен мен Веб-сайтқа келушілердің жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Компания ақпаратты қорғауға арналған ережелер мен техникалық шараларды ендірді. Компанияның Веб-сайтында жүзеге асырылатын барлық операциялар қауіпсіз. Компания Веб-сайтты қорғау үшін Компанияның сенімділігін растайтын сервер сертификатын және Secure Sockets Layer (SSL) – берілген деректерді шифрлау жүйесін пайдаланады. Компания өзінің клиенттерінің дебет карталарының деректерін сақтамайды.

Құпиясөздер

Веб-сайтқа кіру үшін клиент пайдаланатын пайдаланушы аты мен құпиясөзі оның жеке меншігі болып саналады. Компания сондай деректердің пайдаланылуы үшін жауапкершілік көтермейді, дәл солай клиенттің өз шотын пайдалана отырып қалай басқаратынын да қадағаламайды.

Өз кезегінде клиент өзінің жеке шотының пайдаланылуына байланысты кез келген уәкілетсіз және күдікті әрекеттер туралы қолдау қызметіне кідіріссіз хабарлауға міндетті.

Басқа веб-сайттар мен көрсетілетін қызметтердің сілтемелері

Компанияның сайтында тек оның бақылауындағы веб-сайттарға ғана апаратын сілтемелер орналастырылған. Компания бөгде ресурстарда Компаниямен ынтымақтастықты растамастан жарияланған, Веб-сайтқа апаратын сілтемелер үшін жауапкершілік көтермейді.

Кәмелетке толмағандарды қорғау

Компанияның Веб-сайты қалың көпшілік үшін ашық ресурс болып табылады, бұл орайда ол балалардың пайдалануына арналмаған. Егер Компанияға кәмелетке толмаған тұлғаның клиент ретінде тіркелу үшін жеке ақпаратын бергені немесе беруге тырысқаны белгілі болса, Компания осындай ақпаратты сервердің ішкі жазбаларынан жою бойынша шаралар қабылдай алады.

Ережелердің өзгерістері

Компания Ережелерді өзгерте немесе жаңарта алады. Осындай өзгерістер туралы ақпарат Веб-сайтта жарияланатын болады.

Келісудің әрекет мерзімі

Клиенттің өз жеке деректерінің өңделуіне келісуі мерзімсіз әрекет етеді.

Компанияның байланыс деректері

Клиенттің жеке деректерін өңдеуге қатысты ақпаратты алу, жеке деректер тізбесін нақтылау, жеке деректерінің өңделуіне берген келісімін қайтарып алу үшін Клиент support@binomo.com электрондық поштасына өтінім жолдайды. Клиент жеке деректерінің өңделуіне берген келісімін қайтарып алған жағдайда, платформаны пайдалану мүмкін емес. Клиенттің тіркелгісі бұғатталады, ал Клиенттің шотында жатқан ақша қаражаты шығарылады.