«Достарды шақыру» науқанының ережелері

1. Науқанды өткізу тәртібі туралы жалпы ережелер

1.1. «Достарды шақыру» науқаны (бұдан әрі осы Ережелерде – «Науқан») Binomo сауда платформасын жарнамалау мақсатында өткізіледі.

1.2. Науқанға қатысушылар (бұдан әрі – «Қатысушылар») https://binomo.com/, сайтында орналасқан Binomo платформасының тіркелген пайдаланушылары болып табылатын, Standard немесе одан жоғары мәртебесі бар немесе осы Ереженің 4-тармағына сәйкес Науқанға қатысу шарттарын орындаған Binomo платформасының әлеуетті пайдаланушылары болып табылатын заңды тұлғалар болуы керек. Binomo платформасындағы пайдаланушылардың мәртебесі туралы толығырақ ақпаратты https://binomo.com/information/pricing сілтемесі арқылы табуға болады.

1.3. Науқанға қатысу үшін  Қатысушы өзінің тұрғылықты елінде  Науқанға қатысуға заңды құқығы болуы тиіс. Қатысушы қолданыстағы заңдарға немесе Қатысушының тұрғылықты елiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жарамсыз немесе заңсыз деп табылса  , Науқанға қатыспауы тиiс .

1.4. Науқанға қатысу арқылы Қатысушылар осы Ережелермен толықтай келіседі.

2. Науқан ұйымдастырушысы туралы мәлімет 

2.1. Науқан Ұйымдастырушысы – Dolphin Corp LLC ( Сент-Винсент және Гренадин заңнамасына сай тіркелген компания, тіркеу нөмірі 915 LLC 2021, кеңсесі Euro House, Richmond Hill Road, Kingstown, St.Vincent and the Grenadines мекенжайы бойынша орналасқан).

2.2. Науқан туралы ақпаратты binomo.com/kz/promo/invitefriend-legal сайтында табуға болады (бұдан әрі осы Ережеде – «Ұйымдастырушы сайты» деп аталады).

3. Науқан өтетін күндер

3.1. Науқан 2025 жылғы 28 ақпаннан 31 желтоқсанға дейін өтеді (бұдан әрі – «Науқан мерзімі»).

4. Науқанға қатысудың ережелері мен шарттары

4.1. Науқанға қатысу үшін Binomo платформасының тіркелген пайдаланушысы Науқан кезеңінде келесі шарттарды орындауы тиіс:

— «Достарды шақыру» бөліміндегі Binomo платформасындағы жеке кабинетіндегі рефералды сілтемесін Binomo платформасының тіркелген пайдаланушысы болып табылмайтын бір немесе бірнеше адаммен бөлісу.

4.2. Науқанға қатысу үшін Binomo платформасында тіркелмеген пайдаланушы Науқан кезеңінде келесі шарттарды орындауы тиіс:

— Binomo платформасының  тіркелген пайдаланушысы жіберген рефералды сілтеме арқылы Binomo платформасына тіркелу;

— Binomo платформасындағы Нақты шотына кемінде бір депозит жасау;

—  кемінде 200 АҚШ доллары көлеміндегі немесе  басқа валютадағы эквивалентті сомада Сауда айналымын жабу.

5. Науқан кезінде жүлделерді бөлу тәртібі 

5.1. Binomo платформасында тіркелген кез келген Науқан Қатысушысы (бұдан әрі – «Шақырушы») өзіңің рефералды сілтемесі арқылы Binomo платформасына тіркелген және осы Ереженің 4.2-тармағында көрсетілген шарттарды орындаған алғашқы 5 (бес) адамның әрқайсысы үшін жағдайда өз Нақты шотына 10$ мөлшерінде сыйақы алады (Binomo платформасының VIP мәртебесіндегі Қатысушылары 20$ алады).

5.2. Осы Ереженің 4.2-тармағында көрсетілген шарттарды орындаған Қатысушы өзіне жіберілген Шақырушының рефералды сілтемесі арқылы тіркелген алғашқы 5 (бес) адамның бірі болып, белгіленген шарттарды орындаса, Binomo платформасындағы Нақты шотына 10$ көлемінде сыйақы алады.

5.3. Егер VIP мәртебесіндегі Шақырушы Binomo платформасында тіркелгеннен кейін 30 (отыз) күн ішінде VIP мәртебесін алған және осы Ереженің 4.2-тармағында көрсетілген шарттарды орындаған жаңа пайдаланушыны шақырса, онда Шақырушы да, шақырылған пайдаланушы да Binomo платформасындағы Нақты шотына қосымша 100$ сыйақы алады.

5.4. VIP мәртебесіндегі шақырушы Binomo платформасындағы Нақты шотына алғашқы 5 (бес) VIP мәртебесін алған және осы Ереженің 4.2-тармағында көзделген шарттарды орындаған әрбір 3 (үш) пайдаланушы үшін қосымша 250$ жүлде алады.

5.5. Осы Ереженің 5.3 және 5.4-тармақтарында көрсетілген жүлделер шақырылған пайдаланушының VIP мәртебесін алған сәтіндегі Шақырушы мәртебесіне сәйкес беріледі.

5.6. Егер 5.3 және 5.4-тармақтарында көрсетілген шарттар орындалған сәтте Шақырушы үш (3) немесе одан да көп VIP мәртебесі бар пайдаланушыны шақырған болса, ол пайдаланушылар үшін қосымша жүлделер берілмейді.

5.7. Егер Standard немесе Gold мәртебесі бар Шақырушы жаңа пайдаланушыны шақырып, ол пайдаланушы осы Ереженің 4.2-тармағында көрсетілген шарттарды орындап, Binomo платформасында тіркелгеннен кейін 30 (отыз) күн ішінде VIP мәртебесін алса, Шақырушы шақырылған пайдаланушының 4.2-тармақта көрсетілген шарттарды орындаған сәтіндегі өзінің мәртебесіне сәйкес жүлде алады. Шақырылған VIP пайдаланушыға арналған қосымша жүлде Шақырушыға шақырылған пайдаланушы VIP мәртебесін алған сәтте беріледі.

5.8. Егер Standard немесе Gold мәртебесі бар Шақырушы тіркелгеннен кейін 30 (отыз) күн ішінде VIP мәртебесін алған және осы Ереженің 4.2-тармағында көрсетілген шарттарды орындаған алғашқы 5 (бес) адамның ішінен 3 (үш) пайдаланушыны шақырып, содан кейін VIP мәртебесін алған болса, бұған дейін шақырылған VIP пайдаланушылар үшін қосымша жүлде алмайды.

5.9. Егер Standard немесе Gold мәртебесі бар Шақырушы осы Ереженің 4.2-тармағында көрсетілген шарттарды орындаған 2 (екі) пайдаланушыны шақырып, олар VIP мәртебесін алса, содан кейін Шақырушы VIP мәртебесіне ие болып, тағы 1 (бір) пайдаланушыны шақырып, ол пайдаланушы VIP мәртебесін алып, 4.2-тармақта көрсетілген шарттарды орындаса, онда Шақырушы 3 (үш) VIP пайдаланушыны шақырғаны үшін қосымша 250$ көлемінде жүлде алады.

6. Салықтар

6.1. Осы Науқан аясында берiлген жүлделерге Қатысушыға қолданылатын жергiлiктi салық заңдарына байланысты салық салынуы мүмкiн. Қатысушы салық декларацияларын, нысандар мен есептердi тапсыруға, сондай-ақ барлық қолданылатын салықтарды төлеуге өздігінен жауап бередi.

7. Қосымша ережелер мен шарттар

7.1. Тіркеліп қойған пайдаланушылардың жаңа Binomo аккаунтын тіркеуіне, сонымен қатар Науқанға қатысу мақсатында пайдаланушылардың басқа да алаяқтық әрекеттеріне жол берілмейді.

7.2. Ұйымдастырушы осы Ереженiң 7.1-тармағын бұзған Қатысушылардың нәтижелерiн ескермейдi.

7.3. Осы Ереженің 4.1. және 4.2-тармақтарында көзделген болжалды іс-әрекеттерді орындау арқылы Қатысушы Ұйымдастырушыға өзінің дербес деректерін өңдеуге өз келісімін береді. Қатысушы dataprotection@binomo.com мекен-жайына хабарлама жіберу арқылы өз келісімін қайтарып ала алады.

7.4. Науқан ұйымдастырушысы келесілер үшін жауап бермейді:

1) Binomo платформасы пайдаланушыларының Ұйымдастырушы жариялаған осы Ережелермен таныса алмауы ( Ұйымдастырушының кінәсінен емес);

2) Қатысушылардың өз кінәсінен немесе байланыс қызметтерінің кінәсінен немесе Ұйымдастырушының бақылауына жатпайтын өзге де себептер бойынша Ұйымдастырушының жүлделерді алуға қажетті ақпаратты алмауы/уақтылы алмауы;

3) жеңімпаздардың жүлделерді талап етпеуі немесе оларды талап етуден бас тартуы арқылы алмауы;

4) Қатысушылардың Науқанға қатысу кезіндегі қателіктерінің кез келген салдары, оның ішінде Қатысушының Binomo платформасындағы өз аккаунтына кіру деректерін жоғалтуы.

7.5. Ұйымдастырушы Науқан Ережелеріне Сайтында тиісті ақпаратты жариялау арқылы кез келген уақытта өзгерістер енгізуге құқылы. Науқанға қатысуға мүдделі тұлғалар Ұйымдастырушының Сайтындағы тиісті өзгертулерді тексере отырып, Науқанның жаңартылған Ережелерін өздігінен қадағалап отыруға міндетті.

7.6. «Нақты шот» және «Сауда айналымы» терминдерi binomo.com сайтында жарияланған Клиенттiк келiсiмге сәйкес түсiндiрiлу тиiс.

* Науқанға/байқауға қатыса отырып, Қатысушы Facebook/Instagram-ды осындай қатысудың салдары үшін жауапкершіліктен толықтай босатады. Бұл Науқан Facebook/Instagram-ға демеушілік жасамайды, мақұлдамайды, онымен басқарылмайды немесе байланыспайды.